Сыныптан тыс жұмыстар

Рассмотренных обращений: 0
Не рассмотренных обращений: 1

Здравствуй, я химия!
Автор: Мусаиф Гүлшат

«Тәуелсіз елдің ұланымыз»

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымыз»

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан тәуелсіздік жолында не бір «тар жол тайғақ кешулерден» өткенін, тәуелсіздік жолында елі, жері үшін күрескен батырларымыздың ерлігін, өрлігін, білімділігін көрсету егеменді болуын паш ету.

Қазақ халқын, ерлігін, даналығын бізге қасиеттерін ардақтап, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнкі құрал: слайд шоу, фотолар, мақал-мәтелдер, оқушылардың сызған суреттері.

1.Мұғалім: Жеткен арман, жаса тәуелсіздігім!

Өз қолына бьерген ерік тізгіні

Ие болған әлем ілтипатына

Дербес бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.

ҚР-ның әнұраны орындалады.

2.Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін сіздердің алдарыңызда 2 «А» сынып оқушыларының «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Қазақстанның тәуелсіздік жолында не бір тар жол тайғақ кешті.

Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

Тәуелсіздік! Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздік! Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан қиын оқиғалар өтеді. Халық қамы үшін қан кешіп, құрбан болған ерлеріміз қаншама.

Бексұлтан:           XVIII-ғасырда халқымыз еркіндікпен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен Ресейіміз қазақ халқын аздыра бастады. Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды

.

Аян:           XX ғасырдың 1916 жылы маусым жарлығына жігіт бермейміз деп қарсылық көрсеткендер оққа ұшты, қырғын көрді.

 

Руза:                    1917-жылдан кейін де бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік.

 

Алишер:    1930-1933 жылдарда болған адам нанғысыз ашаршылықта 9 млн.халықтың 3 млн.апат болды. Тағы аштық, тағы жалаңаштық, тағы өлім.

 

Баян:          1937-1938 жылдар зиялы қауымды қынадай қырған жылдар болды.

 

Сабина:      1941-1945 жылдар адамзат тарихында болмаған алапат соғыста қазақ ұландары ерекше ерлік көрсетті.

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеде өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып бар шарасы.

Айкен:        1986 жылы Желтоқсан елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

Мұғалім: Дүниені дүр сілкіндірген 1988 жылғы желтоқсан оқиғасының бас қаһармандары Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Сабира Мұхамеджанова, Қайрат Рысқұлбековтар секілді ұл-қыздарымыз елінің болашағы, еркіндігі үшін күресті.

Біз бүгінгі сынып сағатымыздың келесі кезеңін ел болашағы болар, ұландарға берейік.

1-топ. «ҚАЙРАТ»

Ұраны: Қайраттай батыр ағаның,

              Соңынан ерген ұланымыз,

              Елін жерін қорғайтын,

              Тәуелсіз елдің қыранымыз.

2-топ. «ЛӘЗЗАТ»

Ұраны: Ұрандайды Ләззат қыз:

             «Біз, қазақпыз, қазақпыз!

               Өмір керек азапсыз,

               Ел боламыз егемен,

               Сонда ғана азатпыз!»

1.Сайыс. өлеңді мәнерлеп оқу сайысы.

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер

Мейірің құтты болсын тәуелсіздік

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Тәуелсіздік сәбиімнң шаттығы,

Тәуелсіздік ақ батасы атаның.

Тәуелсіздік таусылмайтын жыр әнім,

Тәуелсіздік қасиетті ұраным.

 

Ұлықпан:   Міне осындай егеменді еліміз,

                    Кең жазира ұлан байтақ жеріміз

                   Туған елін, жерін сүйетін,

                   Біз қазақтың ұланымыз.

Айкен:        Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді

Отан дейміз туған жер атамекен

Биік тау, орман, тоғай көлімді.

Құттықыз: Отан дейміз кең байтақ Астананы

Жасыл жайлау, жаңа жол жас қаланы

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Әлішер:     Қымбат маған жұлдызды түніменен

Қымбат маған нұр шашқан күніменен

Шын жүректен жырлап біз құттықтаймыз

Елімізді тәуелсіздік күніменен.

Сабина:      Жиырма жылдай тәуелсіздік туғалы,

                   Қазақ елі бірлікке бел буғалы

                   Жиырма жылдай Қазақстан халқының

                   Өз тағдырын өзі шешіп тұрғаны

Әділ:          Көз тойғысыз қазағымның жері бар

                   Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар

                   Қазағымның жерін, елін қорғайтын

                   Жас жеткіншек ұланы, ері ббар.

2-сайыс: Сұрақ-жауап сайысы

3-сайыс: Қазақстан туралы сұрақтар қою

Көрініс ойнау: І. «Қайрат сот алдында»

                          ІІ. «Ләззат»

4-сайыс. Әр топ өз өнерін көрсету

«Ләззат» командасы би «Таңшолпан»

Сынып: «Дос болайық бәріміз»

Оқушылар: «Қара жорға» биі

«Қайрат» командасы «Тұлпарым» әні

 



Просмотров: 772
Дата создания: 23.12.2011
Дата редактирования: 08.02.2012

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource